Әбу Усайд Мәлік ибн Рабая әс-Саидидың риуаяты бойынша бір кісі келіп:
– Уа, Расулалла, әке-шешем өмірден озды. Әлі де ол кісілерге жақсылық жасауыма мүмкіндік бар ма? Мен ол кісілерге қандай жақсылық жасай аламын? – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Иә, бар, – деп, оның мәнісін былайша тарқатты:
1. Ол кісілерге дұға тілеу. Жаратушы иеден күнәларына кешірім тіле;
2. Қалдырған өсиетін орында;
3. Ата-анаңның бауырларына да құрметпен қара;
4. Ата-анаңның достарын қонаққа шақырып тұр.