Әбу Умама былай деп риуаят етеді:
«Бір күні сахаба Ибн Омар (р.а.) жаңа киім алды. Артынша былай деп дұға етті: «Әуретімді жабатын әрі әдемі етіп көрсететін киім сыйлағаны үшін Аллаға шүкір!»
Осылай дұға еткеннен кейін: «Мен Расулалладан (с.а.у.) үнемі мынаны еститінмін: «Егер кімде-кім жаңа киім алса, осылай деп дұға етсін. Сонда ол адам өлсе де, сау кезінде де Алланың қамқорлығында болады» деді.